Site icon Атамекен

ЖЕРЛЕСІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Белгілі спортшы, жерлесіміз Жамила Бақбергенова Астанада өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе – жекте Жамила Бақбергенова жапониялық Сумире Никураны 5:1 есебімен жеңді. Бұған дейін осы қарсыласымен Уальн-Батордағы (Моңғолия) Азия чемпионатының финалында кездесіп, ол кезде де Жалила басым түскен еді.

Жамила Бақбергенова осы турнирде Азияның қазіргі чемпионы мәртебесінде өнер көрсетті.

Отандық турнирде қазақстандық әйелдер 2 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, Жамиля Бақбергенова 2019 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері,
2020 жылы Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңімпазы,
2021 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль иегері болған.

Exit mobile version