Site icon ATAMEKEN

Жеткіліктілік шегін жаңарту – ұзақ мерзімді жауапкершілікке негізделген шешім

Жеткіліктілік шегінің кез келген өзгерісі азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарына қатысты болғандықтан, қоғам тарапынан ерекше назар аударуы заңды құбылыс. Дегенмен, зейнетақы саласындағы мемлекеттік саясат тек қысқа мерзімді сұраныстарға емес, ең алдымен азаматтардың болашақтағы әлеуметтік қорғалуына негізделуі тиіс.

Егер бүгін зейнетақы жинақтарын кең көлемде мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік берілсе, бұл алдағы уақытта елеулі тәуекелдерге әкелуі мүмкін. Атап айтқанда, көптеген азаматтардың зейнетке шыққан кезде жинақтары жеткіліксіз болып, қосымша қолдауды мемлекеттен күтуіне себеп болады.

Сондықтан жеткіліктілік шегін қайта қарау кейбір азаматтарға күрделі шешім болып көрінуі мүмкін. Алайда бұл қадам ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын сақтауға және халықтың әлеуметтік қорғалуын нығайтуға бағытталған маңызды шара болып табылады.

Exit mobile version