Сауд Арабиясындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Руфина Чалкарова екінші жеңісті елге әкелді.
Бойжеткен Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол Талдықорған қаласындағы спорт-интернатында 10-сыныпта оқиды.
Айта кетейік, бойжеткен жасөспірімдер арасында ҚР бірнеше дүркін чемпионы.
– Өз жеңісімді Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын. Әрине, қиын болды, бірақ мен соңына дейін шыдадым. Мұның артында үлкен еңбек тұр. Күнделікті жаттығулар, жаттықтырушының спорттық рухты қалыптастыруы, жерлестердің қолдауы жеңіс туын желбіретуге жігер берді, – деп атап өтті Руфина Чалкарова.