2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Тополевка ауылы маңындағы Жоңғар-Алатау ұлттық паркі аумағында ерекше табиғи құбылысқа арналған ауқымды фестиваль өтті ✨
🍏 7000-нан астам қонақ
📸 50+ блогер мен инфлюенсер
🌍 Әлемдік маңызы бар Сиверс жабайы алмасы
Жетісу — жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі саналатын бірегей табиғи мекен. Ғалымдардың айтуынша, оның шамамен 48%-ы осы өңірде шоғырланған.
Фестиваль қонақтары:
🎨 гүлдеген алма бақтарын тамашалады
🎭 мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысты
🤼 ұлттық спорт ойындарын көрді
🧵 қолөнершілер көрмесін аралады
🎶 концерттік бағдарламадан әсер алды
Халықаралық жоба аясында түрлі елдерден келген суретшілер өз туындыларын ұсынып, табиғат сұлулығын өнер арқылы жеткізді 🌿
Кештің басты қонақтары — Bayansulu және Қуандық Рахым 🎤
Фестиваль Жетісудың туристік әлеуетін арттырып, экотуризмді дамытуға және табиғи мұраны сақтауға бағытталған маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді 💚
#Жетісу #СиверсАлмасы #EcoTourism #Kazakhstan #TravelKZ #Nature

