Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖетісу облысының халқы 700 мыңға жуық

Жетісу облысының халқы 700 мыңға жуық

2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Жетісу облысында 698 675 мың адам тұрады. Бұл көрсеткіш республика халқының 3,5 пайызы. Оның ішінде 345 мың ер және 353 мың әйел адам бар.
Өңірде сыртқы көші-қонның тұрақты теріс сальдосы бар. Мәселен, өткен жылы облысқа 19 мың адам келсе, кеткендердің саны 28 мыңнан асқан. Бұл туралы Жетісу облыстық статистика департаментінің басшысы Марат Бөкенов Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«2009 жылмен салыстырғанда халық саны 11,6% -ға өсті. Тұрғындардың 76 пайызы – қазақтар, 14 пайызы – орыстар, 15 жасқа дейінгі жастар – 31,7 пайыз. Облыс салыстырмалы түрде жас болып саналады», — дейді спикер.
Облыста туу көрсеткіші өлім-жітімнен орта есеппен 3 есе көп. 2022 жылы 14 080 нәресте дүниеге келіп, 4 976 адам қайтыс болған.
Отбасылық мәртебеге келетін болсақ, өткен жылы 4488 неке қиылып, 619 ажырасу тіркелді. Статистикаға сәйкес, әрбір 7-ші отбасы ажырасуда. Айта кету керек, облыс екіге бөлінген сәттен бастап бұл көрсеткіш едәуір төмендеген. Мысалы, 2022 жылдың мамырында әрбір бесінші неке ажырасумен аяқталды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments