Алматы облысындағы экологиялық мәселелерді шешу үшін 5 бағыттан және 8 тармақтан тұратын арнайы Жол картасы бекітілді. Құжатта негізгі басымдылық кәсіпорындарды, жеке сектордағы сондайа-ақ тұрғын үйлерді газға қосуға берілген. Сонымен қатар, көгалдандыру, қалдықтарды өңдеу, су ресурстарын реттеу саласы да кіріктірілген.
Экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасының аясында ЖЭО-3(Жылу электр ортылығы) жаңғыртып, Талдықорған қаласындағы № 1,2,3,4,5 қазандықтарды газға ауыстыру арқылы кеңейту мен Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Талғар, Іле ауданындағы тұрғын үйалаптарын, әлеуметтік, өндірістік және өзге де объектілерді көгілдір отынына кезең-кезеңімен көшіру қарастырылған.
Айта кету керек, 2020 жылы Талдықорған қаласының екі қазандығы табиғи газға ауыстырылды. Бюджеттен 1,88 млрд. теңге бөлінді. №1 қазандықты газға ауыстыру кезінде 504,9 тонна көмір шығындары азайтылды. Ал, — №3-411 қазандықта бұл көрсеткіш 8 тоннаны көрсеткен.
«Келесі жылы Талдықорған қаласының № 2, 5 кварталдарындағы қазандықтар ауыстырылады, жобалық-сметалық құжатты әзірлеуге 2,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл, бірінші кезекте, атмосфераға шығарындыларды азайтып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартады және отын сатып алуға жұмсалатын шығындарды едәуір қысқартады»,-дейді Алматы облысының энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Бағлан Тәнекенов.
2021 жылы Талдықорған қаласының №2 қазандығын газбен жылытуға ауыстыруға облыстық бюджеттен 1,89 млрд.теңге бөлінеді және ағымдағы жылы Талдықорған қаласының №2 қазандығы табиғи газға ауыстырылатын баса айтқан абзал. Сонымен қатар, Талдықорған қаласының № 4 қазандығын қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 686,1 млн.теңге сомасында бөлу үшін ҚР ҰЭМ бюджеттік өтінім берілген.
Ақжолтай хабардың бірі, үстіміздегі жылы 3 қазандық ауыстырылады. Атап айтар болсақ, Талдықорған қаласындағы №2 және 5 орамдық және Ескелді ауданындағы орталық қазандық жаңартылмақ.
Жауаптылар, 35 БМК орнатылып, орталық жылуға 152 КПТҮ қосылғандығын алға тартуда. Биылғы жылы бұл қатарды, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Ұйғыр аудандарында 40 блокты-модульді қазандық салынуы толықтырады деп күтілуде. Нәтижесінде 198 көп пәтерлі тұрғын үй иелері көгілдір отынның қызығын көрмек.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Алматы агломерациясының 188 елді мекенінің 120-ы немесе 63,8% — ы газдандырылған.
2020 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы Талғар ауданының 3 елді мекенінде 1,4 млрд.теңге сомасына газ тарату желілері салынып, 5 982 адам газға қол жеткізді. Ал жеке инвестициялар есебінен 1,3 млрд.теңге сомасына табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жеке сектордағы 236,0 мың үйдің 209,0 мыңы (88,6%) табиғи газға қол жеткізе алады, оның 153,9 мыңы немесе 65% қосылған. Қалған 82,1 мың үйді газға қосу қажет.Талғар ауданы-11,2 мың немесе 22%, Іле ауданы – 18,7 мың немесе 47%, Еңбекшіқазақ ауданы – 32,1 мың немесе 90%, Қарасай ауданы – 1,9 мың немесе 3%, Жамбыл ауданы – 2,7 мың немесе 12%.
«Тұрғын үйлерді газдандыруға облыстық бюджеттен 1,5 млрд.теңге бөлінді, онда абоненттерге қосылу бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Абоненттерге 10 айға дейін бөліп төлеу арқылы жеке тұрғын үйлерді газдандыру үшін материалдар мен жабдықтар ұсынылады»,-деп атап өтті спикер.
Осы жоба аясында табиғи газға 1 300-ге жуық абонентті қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар басқа аудандарда да жалғасуда.