Среда, 21 мая, 2025
Басты бетЕңбек адамыЖеңіс МОЛДАСЫНҰЛЫ, Жамбыл ауданының құрметті азаматы.

Жеңіс МОЛДАСЫНҰЛЫ, Жамбыл ауданының құрметті азаматы.

Аруағыңнан айналайын бабалар,
Пейілі кең, ақылы дария даналар.
Тағзым етіп бас иеді алдыңда
Сенен өскен ұрпақтарың, балалар.

Қоғамдағы өзіндік орнын тапқан елдің бетке ұстар абыздары, оның ішінде көбінесе сыйлы, абыройлы, дана байлар қазақ даласында дəстүрлі құрылымды басқаруда маңызды роль атқарған. Олар бір отбасының ғана емес, бір əулеттің, бір рудың, бір тайпа елдің асыраушысы, жан-жақты қамқоршысы бола білді. Қарауындағы ауылдың
малымен қоса адамына жауапты, елге сөзі өтімді азаматы еді. Олар əр өңірде мектеп-медресе ашуға, жəне оқу-ағарту жұмыстарына қаржылай көмек көрсетті. Сондықтан, қазақ байының малмүлкін тəркілеу халықты аштыққа ұшыратып, ұлт ретінде жоюдың, тұрақты билігі орнаған қазақ қоғамын ыдыратудың бір əдісі болды. Біздің үлкен атамыз Сайлыбай би Шапырашты тайпасының Айқым руынан шыққан екен. 1928 жылы басталған тəркілеу би атамызды да айналып өткен жоқ. Мал-мүлкі түгел тəркіленіп, қудалауға ұшыраған атамыз қайын жұртын паналап, атын ауыстырып Кемертоған жерінде орнығады. Ұрпағын қуғын-сүргіннен сақтап қалу үшін бабаларымыз тегін ауыстырып, аталарымыз аттарын ұмытуға дейін барды. Еліміз егемендік алып, тəуелсіздікке қол жеткізген тұста кімнің ұрпағы екенімізді жасырмай, ашық айта алатын болдық. Осы жерде Махмұтбай Əміреұлының сөзін келтіргім келіп
отыр:
Жаза алмай бодандықтан белімізді,
Ұмыттық ата-баба, тегімізді,
Сан ғасыр дұрыс айтып, жаза алмадық,
Əуелі өз аты-жөнімізді.
Кетпеді бойымызға құт та дарып,
Бұғындық, бұйығы боп, бұқпаладық.
Келгелі тəуелсіздік тəубе дейміз,
Біздерді осы жайдан шыққан алып.
Алдық та бостандықтың жолын ізгі,
Жазғандай болдық жаңа бойымызды.
Енді еркін жаза да алдық, айта да алдық,
Ойлаған мақсат, пікір, ойымызды.
Сан ғасыр өктемсіген бөтенге еріп,
Ұмытып тіл мен дінді кетер ме едік.
Ес жиып еркіндіктен енді ғана,
Бекітіп, белімізді бекемдедік.
Көмескі тартқан көрмей көп ізіңді,
Ұрпақтар жалғастығы неге үзілді.
Еске алып, енді ғана білгендейміз,
Аяулы ата-баба, негізіңді.

Иə, тəуелсіздік алған тұста əкелеріміз бидің ұрпағы екендіктерін ашық айта бастады. Қуғындалып, үлкен қасіретке ұшыраған Сайлыбай атамыз 1943 жылы дүние салып, Кемертоғанда жерленген екен. Қасында сол жылы қайтыс болған баласы Молдабек те жатыр. Енді, кейінгі ұрпағы аталарының жатқан жерін білсін, Құран бағыштап жүрсін деген ниетпен немерелері мен шөберелері бейіт басына құлпы тас орнатып, қоршау салдырды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments