Среда, 15 января, 2025
Басты бетЖаңалықтарЖолдауда еліміздің саяси және әлеу­меттік-эконо­микалық даму келешегіне қатысты мәсе­лелер баян­далды

Жолдауда еліміздің саяси және әлеу­меттік-эконо­микалық даму келешегіне қатысты мәсе­лелер баян­далды

Жолдауда еліміздің саяси және әлеу­меттік-эконо­микалық даму келешегіне қатысты мәсе­лелер баян­далды. Әсіресе менің назарымды аударт­қаны – азаматтардың табысын арттыру және осы жолмен жүру үшін әділ қоғам құру. Аталған мақсатқа қол жеткізуге барлық мүмкіндік бар. Мемлекеттік басқару тиімділігін, әділдігін жетілдіру, заң үстемдігін жоғары деңгейге көтеру өз нәтижесін беретіні анық.

Бір атап өтерлігі, ел Президенті бір бағытқа басымдық берместен барлығын теңдей қамтып, нақты жұмыстарды айқындады. Сыртқы және ішкі саясат, сондай-ақ әлеуметтік-саяси блоктің дамуы да – басты назарда. Иә, саяси құжатта көптеген бағыт бойынша атқарылатын міндет­тер алға қойылды. Келесі жыл Жұмысшы мамандық­тары жылы болып жарияланғаны көпшіліктің қолдауына ие болды. Әйтпесе, кейінгі жылдары түрлі түйткіл елі­міздегі қарапайым жұмысшылардың тапшылығын көр­сетіп берді. Бұл олқылықтың шешімін табу жолында бүкіл ел болып жастарымыздың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына ықпал етуіміз маңызды. Мамандықтар жас­тар тарапынан қызығушылық танытатын деңгейде болуға тиіс.

Сондай-ақ Жолдауда білім саласына қатысты маңызды дүниелер айтылды. Кейінгі жылдары Прези­дентіміздің білім саласын жақсартуға, мұғалім­дерді әлеуметтік қолдауға жіті көңіл бөліп жүргені қуантады. «Жайлы мектеп» жобасымен заманауи талаптың бәріне жауап беретін білім ошақтарының ашыла бастауы – сөзіміздің айғағы. Енді балаларымыз сапалы білім алып қана қоймай, оны одан әрі дамытуға да мүмкіндік алмақ. Олардан ер­теңі елге қажетті білікті мамандар шығатынына сенім мол.

Таран ауылдық округі бойынша Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Маткеримов

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments