Мемлекеттік білім беру гранттарының тізіміне сәйкес:
«Инженерлік, өңдеу, құрылыс салаларына» – 19 344;
«Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735;
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903;
«Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант бөлінген.
Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. Мәселен, «Педагогикалық ғылымдар» мен «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағытына 150 грант бекітілген. Ал «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түсетіндерге шамамен 4 мың тиесілі.
Жалпы, 2024-2025 оқу жылында бакалавриатқа 79 мыңға жуық, магистратураға 13 мыңға жуық, докторантураға түсушілерге 1 900-ден астам грант тағайындалды.