Site icon Атамекен

Жыл басынан бері медициналық ұйымдарға 1 трлн теңгеден астам қаржы төленді

Жыл басынан бері медициналық ұйымдарға 1 трлн теңгеден астам қаржы төленді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры2024 жылғы ақпан айының  қорытындысы бойынша медициналық қызметтерге төлем аудара бастады.  

11 маусымдағы жағдай бойынша бұған дейін алған авансты ескеріп, 57 медициналық ұйымға28,5 млрд теңге төленді.

Бұл ретте медициналық ұйымдар осы уақытқа дейін қаржыландырусыз қалған емес. Биыл жыл басында оларға әдеттегідей 30% мөлшерінде аванс жіберілді.

Жалпы алғанда 56 медициналық ұйымға 23млрд теңге сомаға аванс берілді. Кейбір жеткізушілер қажеттіліктің болмауына байланысты аванс алудан бас тартты. Жоғарыда айтылғандай, берілген аванстар ай сайын нақты көлемдерден шегеріліп отырады.

Еліміз бойынша жыл басынан бері қаржыландыру көлемі, оның ішінде амбулаториялық дәрі-дәрекпен қамтамасыз етуді қосқанда 1 трлн 16,6 млрд теңгені құраса, Жетісу облысы бойынша бұл 87,8 млрд теңгені құрайды.

Ақпан айындағы төлемді 2024 жылдың 14маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«Әлеуметтік медициналық

                                                                       сақтандыру қоры» КЕАҚ

Exit mobile version