Site icon Атамекен

Жұмысшы мамандықтары жылы

Айдарлы ауылы бойынша Жас маман Қасымов Бауыржан Бағдатұлы «Алатау жарық компаниясы» АҚ-на қарасты Айдарлы, Бозой, Сарытауқұм ауылдарына қызмет атқарып келеді. Ол 1993 жылы Жамбыл ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келген. Алматы энергетика және электронды техникалар колледжін 2013 жылы аяқтап, 2014 жылдан бері өзінің туған ауылында қызмет атқаруда.
Электрші болып жұмыс істеу өте қауіпті, сондықтан адам мұқият және жауапкершілікті болуы керек. Бұл қасиеттер апатты болдырмауға ғана емес, сонымен қатар адамдардың өмірін сақтауға көмектеседі. Электрик өзі үшін ғана емес, әріптестері үшін де жауапты.
Өз ісіне адал берілген Бауыржан Бағдатұлы 11 жыл «Алатау жарық компаниясы» АҚ мекемесіне қарасты Айдарлы ауылында еңбек етіп келеді.
— Барлығы төзімділік пен шыдамдылықты талап етеді. Бірақ ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге де болмайды. Адам тұрақты болуы керек. Өзіме ыңғайлы, жалақым да көңілге қонымды. Басшылық тараптан еңбегіміз еленеді. Еңбек адамына бұдан артық не керек? – дейді жас электромонтер

Exit mobile version