Site icon Атамекен

Жұмысшы мамандықтары жылы

Абылгазиев Малик Амиртаевич 1980 жылы 17 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Ұзынағаш ауылындағы Ломоносов атындағы орта мектепке барып, кейіннен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті 1997 жылы тәмамдады.

1997 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетіне оқуға түсіп, 2002 жылы «Инженер-энергетик» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

2003 жылдан бастап “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ-ның Жамбыл аудандық электр тарату торабы бөлімінде еңбек жолын бастады. 2012 жылы отбасын құрып, қазіргі таңда екі қызы мен бір ұлы өсіп келеді.

2022 жылдан бері Қарғалы ауылындағы “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келеді. Қызмет жолында еңбекқорлығы мен адалдығының арқасында ауыл тұрғындарының алғысына бөленіп, ел құрметіне ие болып жүр. Халық оның жұмысына жоғары баға беріп, ризашылық білдіруде.

Exit mobile version