Site icon Атамекен

Жұмысшы мамандықтары жылы

Баспасөз – халықтың үні. Оны оқысаң түрлі маңызды жаңалықтарға қанығып, рухани азық аласың. Сондықтан редакция мен оқырман арасын жалғайтын алтын арқау – газет тасымалдаушылары десек, артық айтқандық емес. Аққайнар ауылының тұрғыны Сатыбалдиева Жайлаукул Турсынбайқызы 15.06.1970 жылы Жамбыл ауданы Шиен ауылында дүниеге келді, 2005 жылдан осы уақытқа дейін ауыл поштасында газет тасымалдауышы болып жұмыс атқаруда. Күнара ауданнан келетін жергілікті басылымды күтіп алып, оқырманға тарату оның сүйікті кәсібі. Ол осы ауылдың түлегі болғандықтан, әрбір тұрғынмен етене таныс. «Өзі бір күндік, сөзі мың күндік» баспасөз таратуда елгезектік танытып жүрген жанға зор денсаулық, шаңырағына шаттық тілейміз.

Exit mobile version