Зайырлы білім беру қағидатын Конституция деңгейінде бекіту – уақыт талабынан туындаған маңызды әрі орынды қадам. Бұл бастама білім беру жүйесінің бейтараптығын сақтауға, ғылым мен білімнің дамуына кең жол ашуға мүмкіндік береді. Зайырлы білім – әрбір баланың дүниетанымын еркін қалыптастырып, сыни ойлау қабілетін дамытуға негіз болады.
Сонымен қатар, бұл норма қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға ықпал етеді. Білім беру ұйымдарының діни немесе идеологиялық ықпалдан ада болуы – барлық азаматтардың тең құқығын қамтамасыз ететін маңызды шарт. Конституцияда зайырлы білім берудің нақты бекітілуі жас ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтар рухында тәрбиелеуге және мемлекеттің біртұтас даму бағытын сақтауға қызмет етеді.
Мендебаев Батырхан, Пенсионер, почетный гражданин Алматинской области и Жамбылского района, председатель организации «Ардагерлер«.

