Биыл Қазақстанда запастағы офицерлер 24 айға мерзімді әскери қызметке шақырылады.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет қаулысына қол қойды.
«Қаулыға сәйкес, офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы 24 ай мерзімге әскери қызметке шақырылады. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», — делінген хабарламада.
Қаулыға сәйкес:
- ҚР Қарулы Күштері – 600;
- ҰҚК Шекара қызметі – 80;
- ІІМ Ұлттық ұланы – 42;
- Төтенше жағдайлар министрлігі – 30;
- Барлығы 752 офицерді қабылдайды.
Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.