Егер заң бұзушылық жауапсыз қалса, қоғамда тәртіпсіздік орын алады. Сондықтан әрбір заңбұзушы өз іс-әрекетіне жауапкершілік тартуы тиіс. Жазаның бұлтартпастығы – қылмыс деңгейін төмендетудің ең тиімді тетігі. Азаматтар заңның орындалатынына сенімді болса, олар өз құқықтарын қорғауға да белсенді түрде жүгінеді. Сот жүйесінің әділдігі, тергеу органдарының ашықтығы халықтың заңға деген сенімін арттырады. Әркім өз іс-әрекетінің жауабын беруге дайын болғанда ғана қоғамда тұрақтылық пен тәртіп орнайды.
Заңның орындалуы – құқықтық мемлекеттің басты белгісі

