Site icon ATAMEKEN

Заң – мемлекет белгілеген міндетті ережелер жиынтығы

Ол қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынасын реттеп, әрбір азаматтың құқығы мен міндетін айқындайды. Ал тәртіп – сол заң талаптарының орындалуы мен сақталуының көрінісі. Заңды құрметтеп, тәртіпті сақтау әрбір азаматтың азаматтық борышы болып табылады.

Қазіргі таңда елімізде құқықтық мемлекет құру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлуде. Дегенмен, заң мен тәртіпті сақтау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды. Әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, заң талаптарын орындауға жауапкершілікпен қарауы қажет. Әсіресе жастар араснда құқықтық мәдениетті қалыптастыру – келешек ұрпақтың саналы әрі жауапты азамат болып өсуінің негізі.

Exit mobile version