Site icon ATAMEKEN

Заң мен тәртіп: Есірткісіз қоғам – жарқын болашақ кепілі

Есірткі заттарын заңсыз пайдалану мен тарату – қоғам қауіпсіздігіне төнген ең үлкен қатерлердің бірі. Бұл зиянды құбылыс адамның денсаулығына ғана емес, оның өміріне, отбасына, болашағына да орны толмас зиян келтіреді. Нашақорлық адамның психологиялық және физикалық жағдайын әлсіретіп, еңбекке қабілеттілігін төмендетеді, ал есірткіге тәуелділік қылмыс деңгейінің өсуіне, отбасылық құндылықтардың бұзылуына және әлеуметтік мәселелердің көбеюіне себеп болады.

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының заңнамасы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз сақтау, тасымалдау, дайындау немесе таратуды қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын құқық бұзушылық деп таниды. Заң талаптарын бұзу азаматтардың өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, қоғамның қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.

Бүгінде жастар арасында нашақорлықтың алдын алу ерекше маңызға ие. Өйткені жас ұрпақтың салауатты өмір салтын таңдауы – біздің болашағымыздың кепілі. Есірткісіз қоғам құру – әрбір азаматтың міндеті. Біз бірігіп, жастарды зиянды әдеттерден қорғап, оларды спортқа, білімге және шығармашылыққа баулуымыз керек.

#ЗаңМенТәртіп #ЕсірткігеЖоқ #ҚауіпсізҚоғам #СалауаттыӨмір

Exit mobile version