Астана қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық тәртіп пен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейдтер тұрақты түрде жүргізілуде. Кезекті рейд Нұра ауданының Орталық саябағында өтті.
Іс-шараға аудан әкімдігінің, Нұра аудандық полиция басқармасының қызметкерлері және еріктілер қатысты. Рейдтің негізгі міндеттері: қоғамдық тәртіп мәдениетін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және табиғатты аялауға баулу.
Саябаққа келушілерге ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылып, қалдықтарды белгіленген орындарға тастау және қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері түсіндірілді.
Нұра аудандық полиция басқармасы қоғамдық тәртіп бөлімі бастығының орынбасары Азамат Әжібаев жастар арасындағы профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Қала тұрғыны Әділет Омаров «Таза Қазақстан» акциясын қолдайтынын және отбасында да, жұмыста да экологиялық мәдениетті насихаттайтынын жеткізді.
Аталған профилактикалық шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен қоғамдық тәртіптің деңгейін арттыруға бағытталған.
#законипорядок #заңментәртіп

