Заң мен тәртіп – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол әр азаматтың күнделікті өмірдегі әрекетінен басталады.
Бір қарағанда қарапайым көрінетін таңдауымыз қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіптің қалыптасуына әсер етеді. Жол ережесін сақтау, қоғамдық орындардағы мәдениеттілік, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – мұның бәрі заңға деген құрметтің көрінісі.
Осы орайда жастар арасында «Заң мен тәртіп – күнделікті таңдаудан басталады» челленджі ұйымдастырылып, қатысушылар заңды сақтау мен жауапкершілікті таңдаудың маңызын көрсетті.
✨ Челленджді Алматы облысының жастарына жолдаймыз. Заң мен тәртіп мәдениетін бірге қалыптастырайық!
