Қазақстанда «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы жаңартылды.
Мемлекет басшысы 3 тамызда Үкімет жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға қатысты Жарлыққа өзгерістер енгізді. Құжатпен комиссияның атауы мен құрамы өзгертіліп, оның қызметі «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталды.
Жаңа форматтағы комиссия құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуына қатысты мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталған жұмыстарды үйлестіреді.
«Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

