Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті. Комиссияның негізгі міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамда заң талаптарын сақтау қағидатын нығайту.
Комиссия жанынан құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы да құрылмақ.

