Site icon ATAMEKEN

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі

Заң мен тәртіп – өркениетті қоғамның басты құндылықтарының бірі. Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы заңның үстемдігіне байланысты.

Заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Заңға құрметпен қарау арқылы қоғамдық тәртіп нығайып, өзара сенім мен жауапкершілік қалыптасады. Тәртіп бар жерде қауіпсіздік, тұрақтылық және даму болады.

Бүгінгі таңда заң мен тәртіп қағидатын нығайту – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып, заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті құрметтеуге тиіс.

Заңның үстемдігі қамтамасыз етілген қоғамда әділдік салтанат құрып, азаматтардың құқықтары сенімді қорғалады. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – елдің жарқын болашағы мен тұрақты дамуының маңызды кепілі.

Гүлбану АМАНОВА,

Атырау қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы, аға сот орындаушысы

Exit mobile version