Үй – біздің ең қауіпсіз мекеніміз болуы тиіс. Бірақ кейбір адамдар үшін үй қауіпті орынға айналады. Бұл жерде олар зорлық-зомбылыққа тап болады. Біреу ұрып-соғады, біреу психикалық қысым жасайды, біреу баласын қорлайды. Бұл – қылмыс! Бұл отбасылық жанжал емес, бұл заң бұзушылық.
Отбасылық зорлық-зомбылықтың ең қауіпті жағы – ол көбінесе көзге көрінбейді. Ол есіктің артында болады. Ешкім білмейді, ешкім көрмейді. Ал жәбірленуші үндемейді. Ұялады, қорқады, не істерін білмейді. Бірақ үнсіздік ешқашан мәселені шешпейді. Ол тек зорлықты күшейтеді.
Егер сіз немесе сіздің жақыныңыз зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз, есіңізде болсын:
– Сіз кінәлі емессіз. Кінәлі – зорлық жасаған адам.
– Сіздің үнсіздігіңіз – зорлықтың жалғасуына жол береді.
– Заң сіздің жағыңызда.
Не істеу керек?
-
Қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіз. Егер қауіп болса, қашыңыз, көршілерге, туыстарға, көмек сұраңыз.
-
Полицияға хабарласыңыз. 102 немесе 112. Бұл сіздің құқығыңыз.
-
Дәлелдемелерді сақтаңыз. Көгерген жерлерді суретке түсіріңіз, хаттарды, хабарламаларды сақтаңыз. Бұл сотта сізге көмектеседі.
-
Көмек сұраңыз. Дағдарыс орталықтары, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер бар. Олар сізге көмектесуге дайын.
Зорлық-зомбылыққа куә болсаңыз да үндемеңіз. Көршіңіздің, досыңыздың, туысыңыздың басына түскен қиындықтан хабардар болсаңыз, көмектесіңіз. Бір қоңырау адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Үнсіздік – оның серігі. Үнді шығарыңыз. Көмекке жүгініңіз. Әр адам қауіпсіз өмір сүруге құқылы.

