Ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада Қазақстан өндірушісекторға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға жәнетранзитке баса ден қойған экономика ретінде қабылданыпкелгені рас. Бірақ 2020 жылдардың басынан бұл көзқарасөзгере бастады: көптеген халықаралық корпорацияларелге өткізу нарығы ретінде қарағанды қойып, өзөндірістерін осында орналастыруға көшті, жергіліктіжеткізушілерді қолдай отыра, шығаратын өнім көлемінкөбейтті. Нәтижесінде бұл ел біртіндеп экспортқа дегеннақты амбициясы бар аймақтық өнеркәсіптік платформа ретінде қалыптасып келеді.
Өткізу нарығынан өнеркәсіптік базаға айналуда
2025 жылға қарай Қазақстан экономикасы құрылымдықтрансформацияның оң белгілерін көрсете бастады. Геосаяси пен логистикалық тәуекелдерге байланыстыжеткізу тізбегін жаһандық қайта құру аясындатрансұлттық компаниялар өндіріс географиясынқарқынды түрде әртараптандыруды қолға алды. Бұлтұрғыда Қазақстан өнімді тек ішкі нарыққа ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдеріне, ЕАЭО-ға жәнежақын өңірлерге жеткізуге қабілетті өндірістік хабқаайналуда.
Мұндай өзгерістер мемлекеттің экономикалықсаясатының нәтижесі еді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 6% деңгейіндекүтілуде, ал 2026 жылға арналған нысаналы көрсеткіш6,2% деңгейінде белгіленді. Дәл бір қайта өңдеу саласышикізат экспортына тәуелділікті біртіндеп төмендетеотырып, экономикалық өсудің тірегіне айналмақ.
Бұл ретте металлургия Қазақстанның өңдеуөнеркәсібіндегі драйверлерінің бірі болып қалып отыр. 2026 жылы саладағы өнім көлемінің өсуі шамамен 3% деңгейінде болады деп болжануда, бұған бір жағынанKyzyl Aray Copper, Ekibastuz FerroAlloys, KazferroLimited, Shagala Mining және тағы да басқакәсіпорындардың жобалық қуатына шығу сеп болмақ. Қара металлургияда ферроқорытпалар, болат, шойынжәне жалпақ жайма темір өндірісі артады деп күтілуде, ал түсті металлургияда алтын, мыс, алюминий және мырышөндірісі күшеймек.
Машина жасау одан да жоғары өсу қарқынын көрсететүседі. 2026 жылы өнім көлемін 13,4%-ға ұлғайтужоспарлануда, оған жеңіл автомобильдер өндірісінің 17%-ға және ауыл шаруашылығы техникасының 5%-ға өсуіықпал етпек. Химия өнеркәсібі де жеделдетілгенқарқынмен дамып келеді, 2026 жылы күкірт қышқылы, натрий цианиді, сутегі асқын тотығы және сұйық шынышығаратын жаңа қуаттардың енгізілуіне байланыстыөндірістің өсуі 7% деңгейінде болады деп күтілуде.
Экономиканың қарқын алуында сауда саласы маңыздырөлге ие болып отыр. 2026 жылы жиынтық тауарайналымы 92,4 трлн теңге деңгейінде жоспарланған, бұл6,5% өсімге сәйкес келеді. Кеңейю мұнай мен мұнайөнімдерін өндірудің тұрақты көлемімен, азық-түлік жәнеазық-түлік емес тауарларды қайта өңдеу жөніндегіауқымды бағдарламалармен, сондай-ақ Қытай бағытынқоса алғанда, көтерме экспорттық саудаға бағытталғанбірнеше ірі B2B-алаңдарын іске қосумен қамтамасызетілетін болады.
Ауыл шаруашылығы да, ең алдымен, қайта өңдеусегментінде қарқын алуда. 2026 жылы азық-түлік пен сусындар өндірісі сәйкесінше 9% және 9,3%-ға өседі, бұлсектордың қосылған құнын және оның экспорттықәлеуетін арттырады.
Локализация үшін негіз қалау
Бүгінде куә болып отырған трансформациялықпроцесстер – Қазақстан басшылығының соңғы жылдарыжүзеге асырған реформаларының нәтижесі. Инвестициялық ахуалды жақсарту, индустриялықаймақтарды жаңғырту және реттеудің болжамдылығынарттыру жөніндегі шаралар ұзақ мерзімді инвестицияларүшін қолайлы жағдайлар туғызды. Арнайы экономикалықаймақтар, салықтық жеңілдіктер және оңайлатылғанмақұлдау процедуралары шетелдік өндірушілерге алдағыұзақ жылдарға жоспар жасаумен өндірістікстратегияларды құруға мүмкіндік береді.
Қазақстан оларға саяси тұрақтылық, ірі нарықтарғажақындық және халықаралық инвесторларға түсініктіқұқықтық базаны ұсынып отыр. Бұл елді өндірістердіорналастыру үшін тартымды алаңға айналдырады.
Мәселен, Mars жаһандық азық-түлік корпорациясы – мұндағы көзқарастың өзгергенінің жарқын мысалы. Компания ұзақ жылдар бойы Қазақстанда импорттаушыжәне дистрибьютор ретінде жұмыс істеп келген еді, ендіАлматы облысында өндірісін локализациялау үшіндайындық жұмыстарын бастап кетті, нақтырақ айтқандаолар үй жануарларына арналған дайын азық өндірузауытын салмақ. Инвестиция көлемі 88,8 млрд теңгеденасады, ал қуаттылығы – жылына 100 мың тоннаға дейінөнім өндіруге жетеді. Бұл қадам жергілікті жерде өндірісашуға көбірек таңдау жасай бастаған шетелдікөндірушілердің трендін айғақтай түседі.
Фармацевтика өнеркәсібінде де жаңа жобалар пайдаболмақ. «Алатау» арнайы экономикалық аймағындаөндірістік кешен тұрғызатын Khan Tengri Biopharmaкомпаниясымен инвестициялар туралы келісімге қолқойылды. Кешеннің өндірістік портфеліне онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеугеарналған препараттарды қоса алғанда, 27 халықаралықпатенттелмеген атаулар кіреді, ал инвестициялар көлемі103 млрд теңгеден асады. Бұл импорттық дәрі-дәрмектерді алмастыруға ғана емес, болашақташетелдерге жөнелтуге де мүмкіндік береді.
Қазақстанның өнеркәсіптік торап ретінде қалыптасыпкеле жатқаны технологиялық жағынан күрделі салалардада байқалып отыр. 2025 жылы Қостанайда KIA автомобильдерін шығаратын толық циклді зауыттың іскеқосылуы отандық автоөнеркәсіп үшін маңызды кезеңболды. $270 млн-нан асатын инвестициялар ішкі нарыққағана емес, Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне жіберілетінэкспортқа да бағдарланған. Толық өндірістік цикл жеткізушілердің жоғары дамыған желісін, біліктікадрларды және ұзақмерзімді жоспарлауды талап етеді, мұндай кәсіпорындарды өнеркәсіптік кластерлердің«жәкірлі» бөлшегіне айналдырады.
Локализацияның тағы бір мысалы – америкалықлокомотивтер өндіретін Wabtec компаниясы. ОларҚазақстанда бұрыннан бар, бірақ қазір жергіліктікомпоненттердің үлесін арттыру және Астанадаинженерлік-технологиялық орталықты ашу есебіненлокализацияны күшейтуде. Ұлттық теміржолкомпаниясымен ұзақмерзімді келісімшарттар тұрақтысұранысты қамтамасыз етеді, ал білім мен құзыреттердіберу елдің технологиялық әлеуетін нығайтады.
Металлургия секторындағы локализация да айырықшабайқалып отыр. Металл және тау-кен өндіру саласындағыірі халықаралық компаниялардың бірі – ERG тобықазақстандық жеткізушілерден сатып алынатын тауарлармен қызметтердің үлесін 2024 жылы бір жыл бұрынғы48%-бен салыстырғанда 60%-ға дейін ұлғайтқан болатын. Компания өз кәсіпорындары орналасқан моноқалалардағыөндірушілерді қолдауға ерекше назар аударады. 2024 жылы мұндай сатып алулар Қазақстандағы ERG сатыпалуларының жалпы көлемінің 21,5%-ын құрады және бұлкөрсеткіш жаңа, оның ішінде экологияға бағдарланғанөндірістерді іске қосу аясында өсуін жалғастыруда.
Qarmet компаниясы елдің өнеркәсіптік базасын едәуіркүшейтетін бірнеше стратегиялық жобаларды жүзегеасыруда. Олардың бірі – қытайлық бизнеспенсеріктестікте іске қосу көзделіп отырған металл бұйымдарының түрлі сортын жаймалап шығаратынқондырғы. Ол құрылыс металлургиясындағы импорттытолығымен алмастыруға және ішкі нарықтытұрақтандыруға мүмкіндік береді. Тағы бір жоба – Қарағанды облысында ені 1850 мм-ге дейін жәнеқалыңдығы 0,8-ден 16 мм-ге дейін болатын ыстықтайилектелген болат темірді шығаруға бағдарланған құю-жаймалау кешенінің құрылысы.
Бұл өнімдер автомобиль, мұнай-газ, атом, медициналықжәне құбыр өнеркәсібінде, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісінде зор сұранысқа ие. Мұндай жобаларды жүзегеасыру өзіндік құнын төмендетуге және жоғары қайтаөңдеу өнімдерінің желісін кеңейтуге көмектеседі.
Өсіп келе жатқан инвестициялық портфель
Қазақстан индустрияландыруды қарқынды түрде қолдапкеледі. Қазірдің өзінде жалпы құны 5,7 трлн теңгегежуықтайтын, шетелдіктердің қатысуымен жүзеге асыпжатқан 20 ірі жобаның портфелі қалыптастырылды, олар11 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Екі және одан да көп елдерден шыққан компаниялардыңқатысуымен $2,4 млрд-қа жуық сомаға 2,8 мыңнан астамжұмыс орнын ашатын қосымша тоғыз көпжақты жобажүзеге асырылуда. Қаржыландыру ұлттық компаниялармен даму институттарының қолдауымен жүзегеасырылады, бұл инвестициялық тәуекелдерді азайтады.
Жаңа өндірістердің көпшілігі әу бастан-ақ экспортқабағдарланған. Мәселен, автомобиль құрастыру, металлургия және машина жасау салалары Орталық Азия мен ЕАЭО нарықтарына бағытталған. Локализация айқынмультипликативті әсер тудырады: жұмыс орындары тек зауыттарда ғана емес, сонымен қатар логистикада, инжинирингте және ілеспе қызметтерде де пайда болады, ал құзыреттерді беру білікті жұмыс күшінқалыптастыруға ықпал етеді.
Халықаралық корпорациялардың қатарының артуыҚазақстанда барған сайын индустрияландыру үшінқолайлы орта қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Локализация мен қайта өңдеуге салынған инвестицияларбизнестің елдің ұзақмерзімді траекториясына дегенсенімін және оның жаһандық әрі аймақтық қосылған құнтізбегіне интеграциялану қабілетінің артып кележатқанын аңғартады.
Трансұлттық өндірушілерді тартып, локализацияныкөбейте отырып және экспорттық қуаттарды ұлғайтуарқылы Қазақстан Еуразияның негізгі өнеркәсіптікхабтарының бірі ретіндегі өз позициясын нығайта түседі.

