Жамбыл ауданының прокуратурасымен Жалпыұлттық және ұлттық жобалар тізбесіне енгізілген инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысу мақсатында бірқатар нысандарға шығу жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында прокуратура өкілдері инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатқан аймақтарға барып, құрылыс және басқа да жұмыстардың қазіргі жай-күйімен танысып, инвесторлармен өзекті мәселелер талқыланды.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының басым инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу және қолдау туралы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды.
Жамбыл ауданының прокуратурасы инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатқан кезеңдердің барлығында заңдылықтың сақталуын қадағалау және құқықтық қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда.
#заң_мен_тәртіп
Инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу
RELATED ARTICLES

