Инвестициялық мәселелерді үйлестіріп, мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелеу кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасап, жаңа жобалардың іске асуына мүмкіндік береді. Ал Алатау қаласында халықаралық талаптарға сай сот жүйесін қалыптастыру коммерциялық дауларды әділ әрі тиімді қарауға бағытталған. Инвестор үшін қаржылық мүмкіндіктермен қатар, заңның үстемдігі, құқықтық тұрақтылық және өз мүддесінің қорғалатынына сенімді болу да маңызды. Сондықтан инвестиция тарту тетіктерін жетілдіру мен сот жүйесінің сапасын арттыру қатар жүргізілсе, бұл кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға жағдай жасайды. Ең бастысы, қабылданған шешімдер нақты іске асып, отандық және шетелдік кәсіпкерлер үшін ашық әрі түсінікті орта қалыптастыруы қажет.
Атамекен ақпарат

