Site icon ATAMEKEN

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ НАЗАРЫНДА

Цифрлық технологиялар күнделікті өмірімізді жеңілдеткенімен, интернеттегі алаяқтықтың алдын алу мәселесі де өзекті болып отыр. Осыған байланысты халық арасында цифрлық сауаттылықты арттыру және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мамандар азаматтарға белгісіз адамдардың қоңырауларына сақтықпен қарауды, банк картасының деректері мен SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеуді ескертеді. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпей, ақпараттың ресми дереккөзден алынғанын тексеру маңызды.

Қарапайым сақтық шараларын сақтау – интернеттегі қауіптің алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.

Exit mobile version