Site icon ATAMEKEN

Интернет алаяқтарынан қорғанудың қарапайым ережелері

Цифрлық дәуір бізге көп мүмкіндіктер берді. Бірақ онымен бірге қауіптер де көбейді. Қазір алаяқтар көшеде емес, интернетте көбірек жүр. Олар әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, тіпті банк қосымшаларында жасырынып жүріп, адамдардың сеніміне кіріп, ақшасы мен жеке деректерін ұрлап кетеді. Өкінішке қарай, олардың құрбаны әркім бола алады: студент те, зейнеткер де, кәсіпкер де.

Алаяқтардың ең көп таралған тәсілдерінің бірі – фишинг. Олар сізге банктен, полициядан немесе басқа да ресми ұйымнан келген хабарлама жібереді. Сізден күдіктенбестен сілтемеге өтіп, аты-жөніңізді, картаңыздың нөмірін, тіпті SMS-кодыңызды енгізуіңізді сұрайды. Ал бұл деректерді алған соң, олар сіздің ақшаңызды ұрлап кетеді. Тағы бір кең таралған тәсіл – «банк қызметкерінен» қоңырау. Олар сізді қорқытып, «кредит рәсімделіп жатыр, тез арада тоқтату керек» деп ақшаңызды «қауіпсіз шотқа» аударуды сұрайды.

Қаржылық пирамидалар – бұл жеке бір тақырып. Олар сізге «тез арада миллионер бол» деп уәде береді. Бірақ олардың жұмыс істеу принципі – жаңа адамдарды тарту арқылы ескілеріне төлем жасау. Яғни, сіз емес, сіз әкелген адамдар ақша табады. Ал сіз тек уақытыңызды, күшіңізді және ақшаңызды жоғалтасыз.

Қорғанудың ең жақсы жолы – сақтық. Ешкімге картаңыздың нөмірін, кодын, SMS-тен келген парольді айтпаңыз. Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Егер сізге бірдеме ұсынса, оны екі рет тексеріңіз. Интернетте тегін ірімшік тек тұзақта болады. Есіңізде болсын: егер бір нәрсе тым жақсы болып көрінсе, ол шындыққа жанаспайды.

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу банкке хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз. Содан кейін полицияға хабарласыңыз (102) және барлық дәлелдерді сақтаңыз: хат-хабарлар, чектер, скриншоттар. Уақыт өткен сайын алаяқтардың ізін табу қиындайды. Алдын алу – емдеуден оңай. Алаяқтардан сақтаныңыз!

Exit mobile version