Жамбыл ауданының Үлгілі ауылында тұрғындармен кездесу өтті. Жиын барысында ауыл инфрақұрылымының жай-күйі мен оны дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесуде жол сапасы, ауызсу жүйесі, электр желілері, интернеттің қолжетімділігі және әлеуметтік нысандардың жағдайы сөз болды. Сонымен қатар ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған ұсыныстар таныстырылды.
Ұсыныстар қатарында тірек және серіктес ауылдарды дамыту, елді мекендерге мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік игіліктерді кезең-кезеңімен жеткізу мәселелері қамтылған. 2030 жылға дейін ауыл тұрғындарын интернетпен қамту деңгейін арттыру, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың сапасын жақсарту жоспарлары айтылды.
Бұдан бөлек, ауызсу жүйелерін жаңғырту, ескірген инженерлік желілерді ауыстыру және электр энергиясының тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді. Бұл шаралар тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті.

