Аудан жұртшылығы алқалы жиындарда ұлтымыздың ерекше қасиеті мен салт-дəстүріне
ризашылық танытып, жырдан шашу шашатын Никитин Виктор Ивановичті аудан халқы ерекше құрметтейтін еді. Қаламгер Қарғалының тарихы мен тамаша табиғатын қаламына арқау еткен қаншама мазмұнды кітап шығарды. Менде «бауырым» деп жақсы ағаны құрметтейтін едім. Өйткені 1986 жылдан бері ағамен шығармашылық байланысымыз үзілген емес.
Никитин Виктор Иванович Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылдың 25 қыркүйегінде өмірге келіпті. 1949-1959 жылдары осындағы орта мектепті бітіріп, ұстаз мамандығын таңдаған. Абай атындағы педагогикалық институтты бітіріп, химия-биология пəнінің мұғалімі болып аудандағы мектептерде жас ұрпаққа білім берді. Оның алдынан мыңдаған шəкірт армандарына қанат біткені анық. Аудандық «Атамекен» қоғамдық-саяси басылымның бас редакторы болған кезден орта мектептің ұстазы өзінің жазуға деген ерекше белсенділігімен көзге түсті. Виктор Иванович мақаланы өз ана тілінде жазатын. Қолтаңбасы да тасқа таңба басқандай. Ұстаздың жанкешті еңбегіне риза болып, оны барынша қаз қалпында аударып, газетке басып жүрдім. Байқасам, оның жазуға деген ынтасы мен ықыласы артқандай. Тіпті, редакцияға жиі келеді. Газеттің белсенді штаттан тыс тілшісі ретінде танылды. Ұжымме