Site icon ATAMEKEN

Кеше Астанада өткен партияаралық дебаттар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, алдағы референдумның маңыздылығын айқын көрсетті

Пікірталас барысында партия өкілдері ел болашағына қатысты өз ұстанымдарын ашық әрі нақты жеткізді.
Мәселен, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов референдумның стратегиялық маңызын атап өтіп, оның ел дамуына серпін беретін тарихи қадам екенін айтты. Оның саяси тұрақтылық пен әлеуметтік жаңғыру жөніндегі ұсыныстары нақты әрі мазмұнды болды.
Сондай-ақ «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев экономикалық реформалардың тиімділігі азаматтардың белсенді ұстанымына байланысты екенін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, референдум – халықтың ел тағдырына тікелей қатысуының айқын көрінісі.
«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев ауыл аймақтарын дамыту мәселесін референдуммен байланыстыра отырып, бұл бастама өңірлік саясатқа жаңа серпін беретінін жеткізді.
Жалпы алғанда, дебат мазмұнды өтті және қоғам үшін маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Алдағы референдум – еліміздің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды шешім. Сондықтан барша қазақстандықтарды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамын.

Әуелбек Ысқақов, Жамбыл ауданының құрметті азаматы

Exit mobile version