Халықаралық Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың халықаралық күні аясында елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы шеңберінде «Киелі мұра» атты ауқымды экологиялық акция өтті. Аталған шараның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, олардың аумағын абаттандыру және қоғамның мәдени мұраға деген жауапкершілігін арттыру.
Акцияға аудан жастары, еріктілер және жергілікті тұрғындар белсенді қатысып, жалпы саны 500-ден астам адамды қамтыды. Қатысушылар тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандар аумағын тазалап, қоқыстарды жинап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ескерткіштердің айналасын ретке келтіріп, олардың сақталуына үлес қосты. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Әшекеева
«Киелі мұра» акциясы – өткенге құрмет көрсетіп қана қоймай, болашақ ұрпаққа тарихи құндылықтарды аманат етуге бағытталған маңызды бастама. Мұндай игі шаралар өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Шара барысында қатысушылар табиғатты қорғау мен тарихи мұраны сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да осындай акциялар жалғасын тауып, кең көлемде өткізіле бермек.
Тарихи мұраны сақтау – ұлттың рухани байлығын сақтау. Сондықтан «Киелі мұра» секілді бастамалар қоғамның бірлігі мен жауапкершілігін нығайтып, ел болашағы үшін маңызды рөл атқарады.
