Site icon ATAMEKEN

Коалиция мүшелері Шиен ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы аясында Шиен ауылдық округінің тұрғындарымен мазмұнды кездесу өтті.

Жиын барысында республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, партия мүшелігіне шектеу қою, билік тармақтарының теңгерімі мен заң шығару өкілеттігін күшейту мәселелері сөз болды.

Коалиция мүшелері жаңа редакцияда әлеуметтік мемлекеттің қағидаттары нақты әрі айқын бекітілетінін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары конституциялық деңгейде қорғалатынын атап өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Мұндай ашық форматтағы диалог – халық пен билік арасындағы өзара сенімді арттырудың маңызды қадамы.

Ел болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың пікірі – маңызды! 🇰🇿

Exit mobile version