Пятница, 27 февраля, 2026
Басты бетЖаңалықтарКоалиция мүшелері Қарғалы ауыл тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Қарғалы ауыл тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Қарғалы жұртшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуде жаңа Конституция жобасындағы меншік пен табиғи ресурстарға қатысты нормалар талқыланды. Атап айтқанда, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.

Коалиция мүшесі Айдын Жүнісов бұл норманың маңызын кеңінен түсіндірді.

«Жер – бұл жай экономикалық ресурс емес, ұлттық байлық. Жаңа редакцияда табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты бекітіледі. Бұл – стратегиялық маңызы бар норма. Ол жер мен байлықтың ел мүддесіне қызмет етуін конституциялық деңгейде айқындайды. Ауыл тұрғындары үшін бұл – жер қатынастарының құқықтық негізінің айқын әрі әділетті болуына кепілдік», – деді ол.

Тұрғындар кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments