Пятница, 6 марта, 2026
Басты бетAtamekenКоалиция өкілдері "Абай-Жапар" базарының ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері «Абай-Жапар» базарының ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Ұзынағаш ауылындағы «Абай-Жапар» базарының ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері – адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтып берді.

«Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тек заңдар жинағы емес, біздің ортақ болашағымыздың айнасы», – деді коалиция мүшесі Ерік Сейтов.
Жиналғандар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу соңында ұжым атынан коалиция өкілдеріне алғыс білдіріліп, референдумға белсене қатысуға дайын екендіктері жеткізілді.

Коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments