Site icon ATAMEKEN

Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен саяси жүйе реформасын талқылады

Жамбыл ауданындағы Еңбекшіарал елді мекенінде өткен кездесуде жаңа Конституция жобасындағы саяси жаңғырту нормалары жан-жақты түсіндірілді.

Коалиция мүшелері заң шығару билігінің жаңа моделі, Конституциялық Соттың құрылуы және кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігіне тоқталды.

Коалиция мүшесі Зинаш Көпжасарқызы реформаның жүйелік сипатын атап өтті.

«Жаңа Конституция билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейтеді. Конституциялық Сот тәуелсіз орган ретінде заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін тексереді. Заң шығару билігі толықтай сайланған өкілдерге тиесілі болады. Бұл – басқарудың жаңа сапасы. Яғни, шешім қабылдау жүйесі ашық әрі жауапты болмақ», – деді ол.

Тұрғындар алдағы референдумның тарихи маңызын атап өтті.

Exit mobile version