Site icon ATAMEKEN

Коалиция өкілдері Жамбыл аудандық көпбейінді орталық аурухана медицина қызметкерлерімен жүздесті

 

Үзынағаш ауылындағы Жамбыл аудандық көпбейінді орталық аурухана ұжымымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының құқықтық жаңашылдықтары талқыланды.

Коалиция мүшелері 21-бапта азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмау құқығы, жеке және отбасы құпиясы, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан және пайдаланудан қорғау кепілдігі бекітілетінін атап өтті.

«Цифрлық дәуірде азаматтардың дербес деректерін қорғау – аса маңызды мәселе. Жаңа Конституция бұл норманы Негізгі заң деңгейінде бекітіп отыр. Бұл медициналық ақпараттың, пациент құпиясының және жеке мәліметтердің қорғалуын күшейтеді», – деді коалиция мүшесі Гүлзат Асқарова.

Кездесу барысында медицина қызметкерлері цифрлық қауіпсіздік пен құқықтық кепілдіктер жөнінде пікір алмасты.

Exit mobile version