Site icon ATAMEKEN

Коалиция өкілдері Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Ұзынағаш ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталының еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері – адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтып берді.

«Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тек заңдар жинағы емес, біздің ортақ болашағымыздың айнасы», – деді коалиция мүшесі Жакен Успанов.
Жиналғандар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу соңында ұжым атынан коалиция өкілдеріне алғыс білдіріліп, референдумға белсене қатысуға дайын екенді

Exit mobile version