Пятница, 30 января, 2026
Басты бетЖаңалықтарКонституциялық комиссия дайындаған жаңа Конституцияның алғашқы жобасы ел дамуының жаңа кезеңіне сай...

Конституциялық комиссия дайындаған жаңа Конституцияның алғашқы жобасы ел дамуының жаңа кезеңіне сай жасалған маңызды құжат деп есептеймін.

Жобаны әзірлеу барысында азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстарының ескерілуі – бұл реформаның ашық әрі халықтың қатысуымен жүзеге асқанын көрсетеді. Алты ай бойы жиналған пікірлер мен ұсыныстардың комиссия мүшелері тарапынан жан-жақты талқылануы қоғамның сенімін арттыра түседі.

Жаңа Конституцияның Преамбуласының толық жаңартылып, онда жалпыұлттық құндылықтардың, өткен тарих пен болашаққа бағдарланған мақсаттардың көрініс табуы аса маңызды. Бұл – мемлекеттің идеологиялық негізін айқындайтын, елді біріктіретін ортақ құндылықтарды бекітуге бағытталған қадам. Сонымен қатар, адам капиталының дамуы, білім, ғылым және инновацияның стратегиялық басымдық ретінде танылуы – Қазақстанның ұзақ мерзімді әрі орнықты дамуына жол ашатын шешім.

Аталған жаңашылдықтардың кең қоғамдық қолдау табуы қоғамның өзгерістерге дайын екенін, әділетті және заманауи мемлекет құруға деген ортақ ұмтылысты айқын көрсетеді. Жаңа Конституция елдің құқықтық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, болашақ ұрпақтың сапалы өмір сүруіне берік негіз қалайды деп сенемін.

Жунусов Айдын Серикулы, Жамбыл ауданының мәслихат депутаты

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments