Site icon ATAMEKEN

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ — ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ — ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» – ДЕПУТАТ ҮНЗИЛА ШАПАҚ

Депутат Үнзила Шапақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты пікір білдіріп, құжаттың негізгі мәні іргелі конституциялық құндылықтардың тұрақтылығын сақтауға бағытталғанын атап өтті.

Оның айтуынша, конституциялық реттеудің басты мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты құқықтық тетіктер арқылы қорғау, сондай-ақ заңнаманың өзара үйлесімділігі мен сабақтастығын нығайту болып табылады. Бұл қағидаттар құқықтық мемлекетті қалыптастырудың берік негізі саналады.

– Конституция жобасы қоғамдағы құқықтық сенімді арттыруға, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейтуге және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Азаматтардың құқықтық кепілдіктерін нақтылау — уақыт талабы, – деді депутат.

Үнзила Шапақтың пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырып қана қоймай, азаматтық қоғамның дамуына да серпін береді. Конституциялық нормалардың айқындығы мен тұрақтылығы елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз қалайды.

Күміс Пармашқызы, Жамбыл ауданының құрметті азаматы

Exit mobile version