Кеген ауылдық округінің әкімі Е.Сқақ конституциялық референдумның маңыздылығы туралы өз пікірін білдірді.
– Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Конституциялық референдум – мемлекетіміздің болашағына тікелей әсер ететін тарихи шешімдердің бірі. Сондықтан әрбір азамат бұл маңызды шараға бейжай қарамай, өз азаматтық позициясын білдіруі тиіс, – деді округ әкімі.
Әкімнің айтуынша, Кеген ауылдық округінде референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық учаскелер қалыпты жұмыс істеп жатыр. Дауыс беру учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, тұрғындардың өз таңдауын жасауына барлық жағдай жасалған.
– Ауыл тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетуде. Бұл – халқымыздың бірлігі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Әрбір дауыс еліміздің ертеңі үшін маңызды, – деп атап өтті округ әкімі.
Сондай-ақ ол барлық тұрғындарды референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Конституциялық референдум – ел болашағы үшін маңызды қадам

