Атамекен

Конституциялық реформаның негізгі бағыттары қоғамның қазіргі заман талаптарына сай дамуын көздейді.

Адам құқықтарын қорғауды күшейту, соның ішінде зияткерлік меншік пен шығармашылық еркіндікті конституциялық деңгейде бекіту – азаматтардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді. Киберқауіпсіздікке қатысты нормаларды күшейту интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Сондай-ақ жекелеген аумақтар үшін арнайы құқықтық режимдерді енгізу өңірлік дамуды тиімді реттеуге жол ашады. Конституция мәтініндегі терминологиялық дәлдікті қамтамасыз ету құқықтық айқындықты арттырса, білім беру жүйесінде зайырлылық қағидаттарын нығайту – ұрпақ тәрбиесінің берік негізі болмақ. Бұл реформалар құқықтық мемлекет пен әділетті қоғам құруға қызмет етеді.

Дегерес ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Н.Аманжолов

Exit mobile version