– Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына бағытталған стратегиялық қадам. Бұл өзгерістер жас буынның әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік беріп, олардың ел өміріндегі рөлін арттыруға жол ашады. Сонымен қатар реформалар экономиканы әртараптандыруға, кәсіпкерлікті қолдауға және инвестициялық ахуалды жақсартуға қолайлы құқықтық негіз қалыптастырады. Мемлекеттік басқару жүйесінің жаңаруы қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтып, азаматтардың бастамашылдығы мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Мұның бәрі тұрақты экономикалық өсімге және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға берік негіз болмақ.
Уагизов Шәрібек Уағызұлы, Қарғалы ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы
