Еліміздің басты заңы – Конституция. Ол қоғамның тұрақтылығын, мемлекеттің бірлігін және заң үстемдігін қамтамасыз ететін берік іргетас. Бұл құжат әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітіп, олардың міндеттерін нақты айқындайды. Тек әр азамат өз құқықтарын білгенде, заң талаптарын құрметтегенде және міндеттерін адал орындағанда ғана әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптасады.
Конституция – адам мен мемлекет арасындағы келісімнің кепілі. Оны құрметтеу – өз еліңді, оның заңдарын және халқын құрметтеу деген сөз. Заңды білу және орындау – әр азаматтың парызы. Егер әркім өз құқықтарын біліп, міндеттерін адал орындаса, қоғамда тұрақтылық, тыныштық және әділдік орнайды.
Заңға құрмет – елге құрмет! Біз бірге – әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құрамыз!
#ЗаңМенТәртіп #Конституция #ЗаңғаҚұрмет #ҚауіпсізҚазақстан #Бірлік #ӘділеттіҚоғам

