Site icon ATAMEKEN

«Конституция және мен»

Мыңбаев ауылы жастары арасында TEDx ашық алаңы форматында «Конституция және мен» тақырыбында ашық пікірталас ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген соңғы өзгерістердің мәні мен маңызына тоқталды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, Парламенттің рөлін арттыру және Конституциялық Соттың қызметін жаңғырту мәселелері талқыланды.

Ашық алаң форматындағы кездесу жастарға өз пікірін еркін білдіруге, құқықтық сауаттылығын арттыруға және елдегі саяси-құқықтық реформаларға деген көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар жаңа конституциялық өзгерістердің қоғам дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Exit mobile version