Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарКонституция күні қарсаңында жаңа балабақша ашылды

Конституция күні қарсаңында жаңа балабақша ашылды

Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесі қарсаңында Мыңбаев ауылында 100 орындық су жаңа балабақша пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасұлы қатысып, нысанның лентасын кесті.
Жаңа оқу жылы басталар сәтте есігі айқара ашылған сәулетті ғимарат Мыңбаев тұрғындарын қуанышқа бөледі.

«Айжұлдыз» балабақшасын салуға бюджеттен 262 млн. қаржы жұмсалған. Екі қабаттан тұратын нысан 21 бөлмеден тұрады.

Айта кетейік, Жамбыл ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар саны – Олардың ішінде: жеке меншік балабақшалар саны – 85 мемлекеттік балабақша саны – 18 Шағын орталықтар саны – 13
Жамбыл ауданының балабақшамен қамтылуы 99,7 пайызды құрайды.

 

Бақтияр Айталы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments