Қазақстанның тарихи тамырын, рухани мұрасын және өркениеттік сабақтастығын айқындайтын маңызды қадам. «Ұлы дала» түсінігі халқымыздың сан ғасырлық тарихын, мәдени құндылықтарын және елдің қалыптасу жолын бейнелейтін терең мағыналы ұғым ретінде ұлттық бірегейлікті нығайтуға қызмет етеді.
Бұл ұғымның Ата Заңда көрініс табуы өткен мен бүгінді, тарих пен болашақты жалғайтын символдық мәнге ие. Ол жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын күшейтіп, Қазақстанды өзіндік тарихи-мәдени коды бар, болашаққа нық қадам басқан мемлекет ретінде танытуға мүмкіндік береді.
Күміс Пармашқызы, Жамбыл ауданының құрметті азаматы


