Site icon Атамекен

КІТАП — білім бұлағы

Биыл ел тəуелсіздігіне – 30 жыл. Осы аралықта еліміз дамудың даңғыл жолымен алға озды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында кітап оқу арқылы əлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін тілге тиек еткен болатын. Бұл тапсырманы орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізілді. Аталмыш жоба оқушылардың, кітапханашылардың жəне ата-аналардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, сондай-ақ, оқу мəдениетінің деңгейін арттыруға жəне оқуды насихаттауға бағытталған.

Ел Президентінің «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында Мəтібұлақ орта мектебінде мектепішілік жоспар жасалып, мектеп кітапханашыларымен бірге сынып жетекшілер арасында көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. Сонымен қатар, жоба аясында əртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Шара барысында бастауыш сынып оқушылары бірнеше кітаптарды минутқа жəне мəнерлеп оқыды. Бұдан бөлек оқыған кітаптары бойынша сахналық қойылым көрсетті. Сонымен қатар, «Бір ел – бір кітап» атты республикалық акция аясында мектеп оқушылары əдеби кітаптарды оқыған болатын.

«Мəтібұлақ орта мектебінің кітапханасында ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға жəне «Тəуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» кітап көрмесі QR кодымен жасалып, ұстаздар қауымы мен ата-аналарға жəне оқушыларға таныстырылып, насихатталды. Аталмыш акцияға ұсынылған кітаптар арасынан 5 сынып оқушылары Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе жек» атты əңгімесің толық нұсқадағы мəтінін kitap.kz //https сайты арқылы оқып, онлайн жəне офлайн түрде талқылады. Бұдан бөлек 10 сынып оқушылары арасында қазақтың белгілі ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдəулеттің «Киіз кітабы» кітапхана қорында болмағандықтан оқушылар https/ // adebiportal.kz сайтын пайдаланды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары өздеріне ұнаған ел мен жер, заман мен қоғам, табиғат пен махаббат туралы өлеңдерді мəнерлеп оқып, оқыған кітаптардың мазмұнынан сауалнама толтырды. Ал, ата-аналардан сауалнама алынып, аталмыш жоба бойынша челендж жасалды.

Д.ҚОЗЫБАҒАРОВА,

Мəтібұлақ орта мектебінің кітапханашысы.

 

Exit mobile version