Четверг, 24 апреля, 2025
Басты бетЖаңалықтарКітап - ұлттық құндылық

Кітап — ұлттық құндылық

Қазақстан Үкіметінің қаулысына сәйкес елімізде жаңа мереке – Ұлттық кітап күні жыл сайын 23 сәуірде аталып өтілетін игі іс бастау алды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерген бұл мәселе көп ұзамай қоғам тарапынан да кең қолдау тапты. Мемлекет басшысы кітап оқудың жоғары мәдениетін қалыптастыруды тапсырған болатын.

Бірегей бастаманы іске асыру мақсатында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай облыс көлемінде арнайы апталық бастау алды. Осы апталық аясында Жамбыл аудандық кітапханасына қарасты Ақсеңгір ауылдық кітапханасы да өз үлесін қосуда.

Атап айтқанда, мереке қарсаңында Ақсеңгір ауылдық кітапханасы оқырмандарымен «Біз оқыдық, сіз оқыңыз» атты әдеби аукцион ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты – халықты әдебиет әлеміне бет бұруға, кітап көкжиегіне көз жіберуге үндеу, үгіттеу амалы деуге болады.Жыл соңына дейін осындай маңызы зор іс-шаралар жалғасыен таппақ.

Абдильдина Қарлығаш Төлеуханқызы,

Ақсеңгір ауылдық

кітапханасының меңгерушісі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments